Доллар бағамы 300 теңгеге жетті

553

Ұлттық валюта тағы да антирекорд орнатып жатыр. Алматыдағы айырбастау пункттерінде доллар бағамы 300 теңгеге жетті. 

Kurs.kz  сайтында жазылғандай, Алматыдағы валюта айырбастау пункттерінде доллар 299 теңгеден сатып алынып, 300 теңгеге сатылып жатыр. Еуроны 324 теңгеге сатып алып, 327 теңгеден сатуда.

4 қарашадағы кешкі сауда қорытындысы бойынша, Қазақстандық қор биржасында америкалық валюта бағамы 287,92 теңгеден сатылған еді. Сбербанкте доллар 299 теңге ден сатып алынып, 301 теңгеге сатылып жатыр. Халық банкінде және Еуразиялық банкте доллар курсы — 298 теңге.

Ал Ұлттық банктың ресми сайтында доллар 284,28 теңгеге, еуро 310,49 теңгеге тең.