Доллар бағамы көтерілді

224
дәулеті
Фото: kredits247.lv

Алматы. 9 сәуір. 7kun.kz — Қазақстан қор биржасында шетел валюталарына қатысты күндізгі сауда сессиясы аяқталды. Нәтижесінде 9 сәуірдегі доллардың орташа бағамы 320,41 теңге болды. Бұл туралы биржаның (KASE) ресми сайтында хабарланды.

KASE ақпаратына сәйкес, АҚШ долларына қатысты сауданың төменгі курсы 319,68 теңгені құрады. Жоғарғы курс – 321,33 теңге, сауданың аяқталуы кезінде 321,33 теңге болды. Күндізгі сессияда сауда көлемі 121 млн 500 мың доллар болды. Валюта операциясына байланысты келісім саны — 224.

Ақша айырбастау орындарында 9 сәуірдегі доллардың жоғары курсы (Алматы уақытымен – 15.40) Алматыда 322 теңгені құраған.