Доллар бағамы 373 теңгеге дейін төмендеді

теңгеге
Фото: kapital.kz

Алматы. 13 ақпан. 7kun.kz – Бүгінгі Қазақстан қор биржасында (KASE) таңғы сессиясында доллардың орташа өлшемді бағамы 373,01 теңгені құрады. Кешегі таңғы сессиямен салыстырғанда (375,22 теңге / $1) ұлттық валюта 2,21 теңгеге нығайды.

KASE ақпараты бойынша, таңғы сессияда АҚШ долларымен жүргізілетін саудада ең төменгі курс бір АҚШ доллары үшін 372,70 теңге деңгейінде болды, ең жоғары – 374 теңге, жабылу курсы бір долларға 373,45 теңге. Доллар бойынша сауда көлемі 58 млн 600 мың долларды құрады. Валютамен жасалған операциялар бойынша айырбастар саны — 102.

Астананың айырбас пункттерінде америкалық долларды сатудың ең жоғары курсы 11:15-те 376 теңге, Алматыда – 377 теңге.

Ұлттық Банктің 13 ақпандағы ресми бағамы 1 доллар үшін 374,81 теңгені құрайды.