Доллар бағамы 380 теңгеге дейін өсті

бағамы
Фото: bnews.kz

Алматы. 27 маусым. 7kun.kz – Бүгінгі Қазақстан қор биржасында (KASE) таңғы сессиясында доллардың орташа өлшемді бағамы 379,60 теңгені құрады. Кешегі таңғы сессиямен салыстырғанда (378,40 теңге/$1) ұлттық валюта 1,2 теңгеге арзандады.

KASE ақпараты бойынша, таңғы сессияда АҚШ долларымен жүргізілетін саудада ең төменгі курс бір АҚШ доллары үшін 379,20 теңге деңгейінде болды, ең жоғары – 380,75 теңге, жабылу курсы бір долларға 380 теңге. Доллар бойынша сауда көлемі 98 млн 700 мың долларды құрады. Валютамен жасалған операциялар бойынша айырбастар саны — 241.

Астананың айырбас пункттерінде америкалық долларды сатудың ең жоғары курсы 11:15-те 382 теңге, Алматыда – 382,2 теңге.

Ұлттық банктің 27 маусымдағы ресми бағамы 1 доллар үшін 378,65 теңгені құрайды.