Тұрмыстық техника қымбаттап жатыр

582
повысятся

Доллар бағамының қымбаттауынан кейін тұрмыстық техниканың бағасы да көтерілді. Миллион теңге толыққанды сауда жасау үшін тіпті аз ақшаға айналды деп хабарлайды 31 арна.

Ресми деректерге сүйенсек, Қазақстандағы орташа жалақы мөлшері — 150 мың теңге, доллар эквивалентінде бұл шамамен 500 шартты бірлікке тең.

Тұрмыстық техника бағасы 10-15 пайызға қымбаттады. Белгілі брендтердің стандарт теледидарлардың бағасына +15 мың теңге қосылған. Соңғы үлгідегі «Apple»  маркалы гаджеттердің құны 220 мың доллардан артық тұратын болады. Ал, девальвацияға дейінгі бағасы 180 мың доллар шамасында болған еді.

Мамандардың айтуынша, доллармен есептеп ешкім пәтер ала қоймайды. Шетелге барып саяхаттаудан да қазақстандықтар бас тартып отыр. Мысалы, өткен жылы Түркия мен Египетте демалу үшін 1100 доллар керек болса, биылғы тур құны 1600 долларды құрайды.