Доллардың мереке күндеріне арналған ресми бағамы белгіленді

доллар
Фото: Sputniknews.kz

Алматы. 29 сәуір. 7kun.kz – Доллардың 30 сәуір мен 1-3 мамырға арналған ресми бағамы белгіленді, деп хабарлайды 7kun.kz.

Мереке күндері доллар бағамы 446,38 теңге көлемінде белгіленді.

Ал рубльдің осы күндердегі ресми бағамы 6,36 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, қазір Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде долларды орташа сатып алу — 446,17 теңге, сату — 450,23 теңге. Нұр-Сұлтанда доллар 444,63 теңгеге сатып алынып, 448,23 теңгеге сатылуда.