Дональд Трамптың президенттік өкілеттігі мерзімінен бұрын аяқталуы мүмкін — Альберт Гор

президенттік

Вашингтон. 9 тамыз. 7kun.kz — АҚШ-тың бұрынғы вице-президенті Альберт Гор осындай пікір айтты. Оның ойынша қазіргі президенттік өкілеттігі «этикалық себептер» бойынша мерзімінен бұрын тоқтатылуы мүмкін.

«Трамптың эксперименті басталғанына алты-ақ ай өтті. Мұндай бірқатар эксперименттер кейде этикалық себептерге байланысты мерзімінен бұрын аяқталады» — дейді ол.

Альберт Гордың мұндай мәлімдеме жасауына Трамптың климат мәселелеріне қатысты париж келісімінен бас тартуы себеп болса керек.

Оның ойынша, Трамптың Париж келісімінен шығу туралы шешім қабылдағанына қарамастан Америка қалалары, штаттары мен кәсіпкерлері осы келісім шеңберінде АҚШ міндеттемелерін атқара береді.

Сондай-ақ бұрынғы вице-президент жақын арада басқа басшының пайда болатынына сенім білдірген.

Дереккөз: inform.kz