Дубайда Wi-Fi тарататын ақылды «пальмалар» пайда болды

629

Дубайда Wi-Fi тарататын және ұялы телефондарды қуаттауға мүмкіндік беретін «ақылды пальмалар» пайда болды. Бұл жөнінде The Daily Mail жазады.

Күн батареяларымен жабдықталған құрылғылар күндіз энергия жинап, кешке жұмыс жасайды.

Әрбір пальмада ұялы телефон қуаттайтын 8 нүкте бар. Smart Palm компаниясы өкілдерінің айтуынша, қалада орнатылған ағаштар әдеттегі қуаттағыштардан екі есе тез қуаттайды.

Және де әрбір пальма 100 метр қашықтықта Wi-Fi  таратады.

Пальмалар қалалық жағажайда, саябақтарда орналастырылды. Алдағы уақытта компания осындай құрылғыларды өзге жерлерге де орналастыруды жоспарлап отыр.