Дума депутаттары Премьер-министрлікке ұсынылған Мишустиннің кандидатурасын қолдады

42
Фото: Tass.ru

Ресейде Мемлекеттік дума депутаттарының 338-і Михаил Мишустиннің кандиатурасын қолдап дауыс берді. 41 депутат қалыс қалған, қарсы болған адам жоқ.

Дума төрағасы Вячеслав Володин «жаңа премьер Путиннің рекордын бұзды», деді. Кезінде премьерлікке ұсынған Путинді 392 қолдаған екен.

Мишустин дауыс беруге дейін депутаттармен жоспарын бөліскен. Оның айтуынша негізгі бағыты — Владимир Путин Федералдық кеңестегі Жолдауындағы негізгі бағыттар мен тапсырмаларын орындау мен цифрлық экономика және цифрлық трансформацияны жүзеге асыру.