
Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі мен Екібастұз қалалық мәслихатының келісімі бойынша Қайрат Теміршотұлы Нүкенов облыс әкімінің өкімімен Екібастұз қаласы әкімі қызметіне тағайындалды. Бұл туралы Павлодар облысының баспасөз қызметі хабарлады.
Қ.Т.Нүкеновтің шағын және орта бизнес кәсіпорындарында шаруашылық және басқарушылық тәжірибесі бар. Еңбек жолын «Железинский» кеңшарының №2 бөлімшесінің жұмысшысы болып бастаған. 1992 – 1997 жылдар аралығында «Марат и компания-2» толық серіктестігі директорының орынбасары, «Багдар - маркетинг» кәсіпорнының директоры, 1997 – 2012 жылдары «Павлодар -Темір» ӨНФ серіктестігінің, «Индустрия-Плюс» серіктестігінің, жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры, «Нүкер» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясының төрағасы, 2012-2013 жылдары Железин ауданы әкімінің қызметтерін атқарған. 2013 -2014 жылдары Павлодар облысы кәсіпкерлік, сауда және туризм басқармасының басшысы.
2014 жылдан осы уақытқа дейін Ақсу қаласының әкімі болып қызмет етті.