Елдар Теңізбаев Қазақстандағы Сбербанктің басшысы болып тағайындалды

147
Фото: Kursiv.kz

Банктің жаңа басқарма төрағасы 2020 жылдың 6 қаңтарынан бастап қызметке кіріседі.

Елдар Теңізбаев бұған дейін басқарма төрағасының бірінші орынбасары қызметін атқарып келген. Бұған дейінгі төраға Александр Камалов банкті соңғы 7 жыл бойы басқарып келген еді.

Отыз бес жастағы Елдар Теңізбаев Сбербанкке дейін Қазақстанның Даму банкі, «БРК-Лизанг» АҚ, «Қазтеміртранс» АҚ-да қызмет атқарған.

Айта кетейік, Қазақстандағы Сбербанк 2019 жылдың 1 қазанындағы Ұлттық банк есебі бойынша 28 банктің ішінде актив көлемі бойынша 2 орында.