Елдегі ең төменгі күнкөріс деңгейі қысқарды

80
ең
Фото: crimea-news.com

Алматы. 29 қараша. 7kun.kz — Қазақстанда 2019 жылдың қарашасында қазанмен салыстырғанда ең төменгі күнкөріс деңгейі 8,6%-ға (2,7 мың теңге) төмендеп, 29,4 мың теңгені құрады.

Жыл басынан бері бұл көрсеткіш 11,2%-ға өсті.

Қараша айында азық-түлік өнімдеріне 16,2 мың теңге, ал азық-түлік емес тауарлар мен ақылы қызметтерге 13,2 мың теңге бөлінген.

Ең жоғары күнкөріс деңгейі Маңғыстау облысында (35 мың теңге), Нұр-Сұлтанда (33,2 мың теңге) және Алматыда (32,8 мың теңге), ал ең төмен күнкөріс деңгейі Павлодар облысында (25,6 мың теңге) және БҚО – да (26,3 мың теңге) тіркелді.