Елімізде ауыр жүк көліктерінің тексерісі 9%-ға өсті

жүк

Алматы. 1 тамыз. 7kun.kz – 2018 жылдың бірінші жарты жылдығының қорытындылары бойынша Қазақстанда ауыр жүк көліктерінің тексерісі 9%-ға өсті. Ал, анықталған заң бұзушылықтар саны үш есеге артқан, деп хабарлайды ҚР ИДМ баспасөз қызметі.

6 айда барлық аймақтық бөлімшелер 97 мың автокөлік құралын тексерді. 2017 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда тексеріс 9%-ға өсті.

Жасалған заң бұзушылықтар саны 30%-ға өскен. Шығыс Қазақстанда тасымалдаушылардың заңды жиі бұзуы 55% болса, Қызылорда облысында – 48 %, ШҚО — 41%, БҚО — 40%.

Жарты жыл ішінде Халықаралық нормаларды сақтамаған үшін жауапкершілікке тартылғандар 680-ге жеткен.

Есептік мерзімде республика бойынша 45 мың шетелдік автокөлік құралы тексерілді. Ауыр жүкті Қазақстанға және Қазақстан территориясымен Қырғызстан (14 мың тексеріс), Ресей (11 мың), Өзбекстан (3,6 мың) тасымалдаушылары тасымалдалған.

Жүк тасымалдау ережелерін бұзған үшін және рұқсат беру жүйесіне сәйкес рәсімделмеген бланкілерді пайдаланған үшін шетел тасымалдаушылары жауапкершілікке тартылды.