Елімізде ескі көліктер үлесі артып барады

74
елімізде
Фото: 1gai.ru

Алматы. 23 тамыз. 7kun.kz – Елімізде 7-10 жыл бұрын шыққан автокөліктердің саны 13,3%-ға (290 мың) кеміп, пайдаланғанына 3 жыл болған көліктердің саны 12,8%-ға (520,9 мың) төмендеген, деп хабарлайды Ranking.kz. 

Айта кетерлігі, қолданыста болғанына 3-7 жыл болған жеңіл автокөліктердің саны 12,2%-ға көбейіп, 471,5 мың данаға жеткен. Сонымен бірге, 10 жылдан астам пайдаланылған автокөліктердің саны 4,1%-ға артып, 2,4 миллион дананы құраған.

Жеңіл автокөліктердің саны жағынан осы жылдың мамырдағы көрсеткіш бойынша қазіргі Түркістан облысы мен Шымкент қаласы көш бастап тұр. Ол өңірде 482 мың жеңіл автокөлік бар. Атап өтерлігі, аталған аймақта жасы 10 жылдан асып кеткен автокөліктердің үлесі 69,4%-ды құрайды.

Одан кейінгі орында 473,1 мың автокөлігімен Алматы облысы тұр. Ол жерде пайдаланғанына 10 жылдан астам уақыт өтіп кеткен көліктердің үлесі 77,5%-ға жеткен. Алматы облысы ескі көліктердің саны жағынан республикада Жамбыл облысынан (ол жерде 81,3%) ғана қалып тұр.

Көліктердің саны жағынан үштікті Алматы қаласы түйіндейді. Ол жерде 10 жылдан астам пайдаланылған көліктердің үлесі 49,7%-ды құрайды.