Еліміздегі сауда орындарынан ресейлік сүт өнімдері алынып жатыр

1499
Еліміздегі сауда орындарынан ресейлік сүт өнімдері алынып ж

Ресейлік өндірістің сүт өнімдерінен ішек таяқшалары табылды. Бұл туралы Ұлттық экономика министрлігіндегі (ҰЭМ) тұтынушылардың құқығын қорғау Комитетінің баспасөз қызметінен хабарлады.

«ҰЭМ-дегі тұтынушылардың құқығын қорғау Комитетінің аумақтық департаменті сүт өнімдерінің техникалық талаптарға сәйкестілігін тексеріп жатыр. Осы жылдың наурызында 337 сынама зерттеу жүргізілді, оның 82-нен қателік табылды», — деп жазады ведомства.

Астана қаласындағы Magnum супермаркетінен алынға сынамалардың қорытындысы бойынша, Алтай аймағы, Рубцовск қаласы, ААҚ «Вимм-Билль-Данн» өндірген 50%-ды «Ламбер» ірімшігінен  ішек таяқшаларының бактериялары; Орлов облысы, Верховье елдімекені, «Верховский молочно-консервный завод» ЖАҚ өндірген майлылығы 19%-ды «Сливочки сгущенные с сахаром «Славянские» сүтінен және  қоюлатылған қанты 8,5%-ды «Главпродукт» сүтінен мезофильді аэробты бактериялардың өте көп мөлшері табылды.

Алматы облысында «Вимм-Биль-Данн» ААҚ өндірген 2,5,% және 3,2% «Домик в деревне» сүтінің сынамасынан құрғақ, майсыздандырылған сүт қалдығының төмендетілгендігі анықталды.

Қызылорда облысында SMALL сауда үйінен алынған Орлов облысы, «Верховский молочно-консервный завод» ЖАҚ өндірген «Столичная», «Главпродукт» қойытылған сүтінен, «Аль-Асад» сауда үйінен алынған ЖШС «Кампина» өндірген 5%, «Фруттис» йогуртынан, Орлов облысы, Верховье елдімекеніндегі «Верховский молочно-консервный завод» ЖАҚ өндірген  «Главпродукт», «Птичье молоко», «Юбилейная» қойытылған сүтінің сынамалары физикалық-химиялық көрсеткіштердің талапқа сай емес екендігі анықталды.

ҚР ҰЭМ хабарламасы бойынша, барлық сауда орындары мен қоймалардан аталған тауарларды алу шаралары өткізіліп жатыр. Бүгінге дейін еліміздің сауда орындарынан 2 тонна 529 литр сүт өнімдері алынды.