Елордалық тұрғын көріпкелге 60 миллион теңге берген

Нұр-Сұлтан. 19 тамыз. 7kun.kz – Елордалық әйел бір жыл бойына көріпкелге жүгініп, әр сеанс үшін ақы төлеген. Жалпы жәбірленуші көріпкелге 60 миллион теңге төлеген, деп хабарлайды 7kun.kz  «Астана» телеарнасына сілтеме жасап.

«Көріпкел елордалық әйелге оған және отбасына жаман дуа жасалғанын айтып, оны алып тастау керектігін түсіндірген. Осылайша ол бір жыл ішінде одан ақша алып отырған», – деді Нұр-Сұлтан қалалық ІІБ тергеу бөлімінің бастығы Талғат Жолдасов.

Психологтың айтуынша, адамдар осылай стресстен құтылуға тырысады және «болжамдарды» тыңдап, шабыттанады.

«Адамдар жай ғана жақсы нәрселерді естігісі келіп, сол жерге барады. Сондай-ақ адамға өз мотивациясы жетіспесе, оның ішкі күші қандай да бір мақсатқа жетуге жеткіліксіз. Сондықтан ол көріпкелге барады, ол оған: «Сенің тілегің осы – бәрі орындалады» деп айтады. Сосын ол сенімділікпен жүреді, өзі қалаған бағытта жұмыс істеуге тырысады», – деді психолог Динара Ибрагимова.

Айта кетейік, қазір желідегі ең танымал бағыттардың бірі – болашақты болжау болып барады. Қазнетті псевдогадалкалар мен тарологтар толтырды, біреулері Тиктоктың тікелей эфирінде, басқалары мессенджерлерде хат жазысу арқылы болжам жасайды.