Елорданың көпбалалы отбасыларына 8 мың теңгеге үш бөлмелі пәтер беріледі

97
Фото: astrakhan-news.net

Алматы. 2 тамыз. 7kun.kz — Нұр-Сұлтаннан Екібастұзға әкімдіктегі тұрғын үйге кезекте тұрған 35 көпбалалы отбасы қоныс аударды. Олар бір шаршы метр үшін ай сайын 99 теңге жалгерлік төлемімен пәтер алды. Әр пәтер үшін — 5 мың 750 теңгеден 8 мың теңгеге дейін. Бұл туралы қалалық әкімдіктің тұрғын үй қоры хабарлайды.

«Жалпы ауданы 78-80 шаршы метр 122 үш бөлмелі пәтер және ауданы 58-60 шаршы метр 100 екі бөлмелі пәтер қарастырылған», — делінген хабарламада.

Сонымен қатар, Павлодар облысының әкімдігі үлкендерді жұмысқа орналастыруға міндеттеледі, көп балалы отбасылардың балаларына балабақшалар мен мектептерде тегін орындар беріледі. Оқушылар тегін мектеп формасымен және керек-жарақтарымен, тегін тамақпен қамтамасыз етіледі. Барлық балалар мен ата-аналардың біріне көліктік жол жүру билеттері беріледі. Көпбалалы отбасылар Екібастұз қаласында тұрақты негізде тіркеледі.

Облыс әкімдігінің өкілдері жекешелендіру мәселесі жалдамалы пәтерде 5 жыл тұрғаннан кейін оң шешімін табатынын айтты.

Еске сала кетейік, бұған дейін еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ержан Жылқыбаев жыл басынан бері 103 көпбалалы отбасы Нұр-Сұлтаннан Екібастұзға көшіп келгенін, 200-ден астам отбасы осы бағытта жыл соңына дейін қоныс аударатынын хабарлады.