Emirates әуекомпаниясы Қазақстанға тұрақты рейстер ашады

Emirates
Фото: dubai.de

Алматы. 24 мамыр. 7kun.kz – Қазақстан БАӘ-мен Emirates әуекомпаниясының тұрақты рейстерін ашу мүмкіндігін талқылауда, — деп хабарлайды ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитеті.

Ведомство төрағасы Талғат Ластаев БАӘ-нің еліміздегі төтенше және өкілетті елшісі Мұхаммед әл-Жабермен кездесу өткізді.

Кездесу барысында екі ел арасындағы әуе қатынасын одан әрі кеңейту мәселелері талқыланды.

«Emirates» әуе компаниясының Қазақстанға тұрақты рейстер ашу мүмкіндігі қарастырылды.