Ең арзан бензин — Қазақстанда

68
дизель
Фото: betafinance.ru

Алматы. 4 ақпан. 7kun.kz – РИА Рейтинг агенттігі (РИА Новости) 33 еуропалық елдегі, сондай-ақ Қазақстандағы «бензин» жағдайын зерттеді.

Қаңтар айының ортасындағы, ал Норвегия, Қазақстан және Украина үшін желтоқсан айының қорытындысы бойынша деректер ескерілді. 95-ші бензиннің бағасы салыстырылды.

Абсолюттік бағаларда ең төмен баға Қазақстанда белгіленген. Ресей валютасына есептегенде А-95 литрі 30,9 рубль тұрады. Екінші орында — бір литр үшін 45 рубльмен Ресей. Үшінші орынды Белорусь (46,9 рубль) алды. Одан кейінгі сатыда — Украина (72,1 рубль).

Бұдан әрі рейтингте бензиннің төмен бағалары тіркелген Шығыс Еуропа елдері орналасты.

Ең қымбат бензин Нидерландияда — бір литр үшін 117,7 рубль. Ал Норвегия, Дания, Италия және Греция елдерінде отын бағасы литріне 112 рубльден артық болады.

Рейтингті құрастырушылар көптеген мемлекеттерде бензин бағасы төмендегенін атап өтті. Төмендеу 33 елдің 26-ында байқалады, неғұрлым маңызды — Кипрде (12,3%), Венгрияда (9,4%) және Словенияда (8,7%). Бағаның өсуі зерттеудің жеті қатысушысында ғана тіркелген. Ең көп баға өсімі Беларусьте болды, онда 2018 жылдың басымен салыстырғанда бензин бағасы 19,7%-ға артты. Екінші орында — Ресей (9,7%), үшінші орында — Украина (7,5%).
Ресейде мұндай күрт өсу соңғы жеті жылда алғаш рет байқалады. Дизель отынының құны 15,8%-ға өсті.

Дизель отыны
Ең арзан дизель отыны Қазақстанда (литріне 46,5 рубль), Ресей мен Белоруссияда (47,2 рубльден) сатылады.

Норвегияда ең қымбат дизель тіркелді — бір литр үшін 114,5 рубль. Сондай-ақ, Швеция, Ұлыбритания, Италия, Франция және Финляндия көшбастап тұр. Бұл елдерде дизель бағасы 105 рубльден асады.

Жалақымен мөлшерін есептегенде рейтинг басқаша болады.

Азамат орташа жалақыға сатып ала алатын бензин саны бойынша бірінші орында Люксембург (үш мың литрден астам). Бұл елде отын бағасы салыстырмалы төмен, ал жалақы Еуропадағы ең жоғары деңгейде.

Екінші орынды Норвегия 2,3 мың литрмен иеленді. Бензин бұл елде өте қымбат, бірақ жалақы да жоғары.

Отынның қол жетімділігі бойынша көшбасшылар тізімінде Австрия, Ұлыбритания, Швеция және Дания бар. Олардың тұрғындары өздерінің орташа айлық жалақысына 1,9 мың литрден астам бензин сатып алады.

Қазақстан орташа жалақыға сатып алуға болатын бензин мөлшері  рейтингісінде 16 орынға тұрақтады. Осылайша еліміз  Ресей, Греция, Португалия,  Украина және Беларусь елдерінің алдын орады.

Бұл рейтингте соңғы орынды Украина алады, оның тұрғындары тек 247 литр отын сатып ала алады.