Ең ірі смартфон өндірушілер Mobile World Congress көрмесіне қатысудан бас тартуда

46
мемлекеттік
Фото: twitter.com

Әлемдік ең ірі смартфон өндіруші компаниялар 24-27 ақпанда Барселонада өтетін дәстүрлі, халықаралық Mobile World Congress (MWC) көрмесіне қатысудан бас тартуда.

kod.ru-дың жазуынша жақында Intel, Vivo мен TCL көрмеге қатыспайтынын хабарлаған. Оған дейін Sony, Ericsson, Nvidia, Amazon, LG, Samsung пен ZTE де жоспарларын өзгерткенін айтқан еді. Бұған басты себеп ретінде компаниялар коронавирустен қауіптенетінін айтқан.

Көрмені ұйымдастырушы GSM қауымдастығы коронавирусқа қарсы қосымша шаралар қабылданатынын айтып отыр. Алайда бұған қарамастан көрмеге қатысудан бас тартқан компаниялар көбейген. Сондықтан көрменің уақыты шегеріліп немесе мүлдем өтпей қалуы мүмкін.

Әзірге көрмеге қытайлық компаниялар ғана белсенді қатысуға дайын екенін білдірген. Олардың қатарында Lenovo, Xiaomi, Oppo, Huawei бар.