Еңбек министрлігі қазақстандық және шетелдік мамандардың жалақысын есептейді

34
Еңбек
Фото: Tengrinews.kz

Алматы. 29 шілде. 7kun.kz — Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ақмади Сарбасов Премьер-министрдің орынбасары Гүлшара Әбдіхалықованың қазақстандық және шетелдік мамандарға тең еңбек жағдайларын жасау жөніндегі мәлімдемесіне түсініктеме берді. Ол жалақыдағы сәйкессіздік мәселесі «нақты жағдайларда» қойылуы тиіс екенін атап өтті.

Ақмади Сарбасов егер қазақстандық және шетелдік мамандардың ғылыми атағы бірдей болса да, бұл жалақыны теңестіруге себеп емес екенін түсіндірді. Білім, тәжірибе және біліктілік ескерілуі керек.

«Егер шетелдік және қазақстандық маманның лауазымы бір, мамандығы бір және лауазымдық міндеттері бір болса, онда дискриминация туралы мәселе туындайды. Бұл жағдайда ешқандай кемсітушілік болмауы керек. Біз мұны қатаң қадағалаймыз, мемлекеттік еңбек инспекциясының, прокуратура органдарының барлық күш-жігері осыған бағытталған. Шетелдік мамандардың ең көп санын тартатын компанияларға тексеру жүргізіледі», — деді ол.

Жалақы сәйкессіздік фактілері анықталған жағдайда «ол тиісті деңгейге дейін көтеріледі».

«Жұмыспен қамту саясатының басты міндеті — ұлттық еңбек нарығын қорғау. Бұл министрлік пен шетелдік мамандарға рұқсат беретін барлық жергілікті атқарушы органдар ұстанатын базалық шарттар. Бүгінгі таңда статистикалық мәліметтерге жүгінетін болсақ, шетелдік мамандарды тартатын кәсіпорындардағы кадрлардың қазақстандық үлесі 96%-ды құрайды», — деді вице-министр.

Бұл ретте жұмыс берушілер шетелдік мамандарды тарта отырып, ұстауға арналған шығыстардан басқа салық алымын төлейді.

«Бізде салық алымын төлеу принципі мынадай — шетелдік маманның біліктілігі неғұрлым төмен болса, салық төлемі соғұрлым жоғары болады. Біліксіз шетелдік персонал квоталау жүйесі шеңберінде және ұлттық еңбек нарығында жұмыс рұқсатын беруде болмауы тиіс. Бүгінгі таңда 22 мыңнан астам шетелдік мамандар тиісті біліктілігі бар мамандармен ұсынылған», — деді Ақмади Сарбасов.