Енді Facebook қосымшасында кейбір қызметтер қолжетімсіз болады

тыс
Фото: Time

Әлем. 4 мамыр. 7kun.kz  – Facebook подкаст және аудио бөлме қызметін жабады. Бұл қызметтер бір жыл бұрын ғана іске қосылған еді. Бұл туралы Bloomberg Facebook серіктестеріне арналған хатқа сілтеме жасап хабарлады.

Facebook қысқа аудиоклиптермен Soundbites қызметін жауып, аудио бөлімін алып тастайды. Оның орнына компания басқа жобаларға назар аударады.

Қызметтердің нақты жабылу уақыты белгісіз. Бірақ қолданушылар мамыр айынан бастап подкасттарды пайдалана алмайды, ал 3 маусымда әлеуметтік желі барлық шоуларды толығымен жояды. Facebook қолданушыларына подкасттардың жабылуы туралы ескертпе келмейді.

Сондай-ақ, әлеуметтік желі Live Audio Rooms қызметін жабады. Олар Facebook Live бейнехабарларын тарату қызметіне біріктіріледі. Соның арқасында пайдаланушылар трансляцияны дыбыспен және бейнемен немесе тек дыбыспен көруді таңдай алады.

Марк Цукерберг 2021 жылдың сәуірінде Facebook-те подкасттарды, аудио бөлмелерді және басқа да дауыстық функцияларды іске қосу туралы хабарлаған еді. Маусым айында ол ресми түрде жұмыс істей бастады.

Айта кетейік, Facebook-ке тиесілі Meta Ресейде экстремистік ұйым деп танылды.