Еуразиялық банк басшылығында өзгерістер болды

138
Еуразиялық банк
Фото: Total.kz

Алматы. 27 ақпан. 7kun.kz – Репей Виталий Николаевич Еуразиялық банктің жалғыз акционерінің шешімімен Директорлар кеңесінің мүшесі — Банктің тәуелсіз директоры болып сайланды, деп хабарлайды KASE.

«2019 жылдың 1 наурызынан бастап Банктің Директорлар кеңесінің сандық құрамы 6 адамға дейін ұлғайтылып, Банктің ДК мүшесі – тәуелсіз директоры Репей Виталий Николаевич сайлансын», — делінген хабарламада.

Жарияланған шешімге сәйкес, Банктің Директорлар кеңесінің жаңартылған құрамына Александр Машкевич, Шухрат Ибрагимов, Павел Логинов, Инесса Ким, Жанбот Бекенов және Виталий Репей кірді.