Еуразиялық банк директорлар кеңесінің құрамы 7 адамға дейін қысқарды

22
Еуразиялық
Фото: newdaynews.ru

Алматы. 13 қараша. 7kun.kz – Еуразиялық банктің жалғыз акционері директорлар кеңесі құрамынан Борис Умановты шығаруға шешім қабылдады, — деп хабарлайды Интерфакс-Қазақстан.

Осылайша, кеңес құрамында жеті адам қалды.

Қазіргі уақытта директорлар кеңесінің құрамында Александр Машкевич — төраға, Шухрат Ибрагимов, Павел Логинов, Бақытжан Қожрақов — кеңес мүшелері, Инесса Ким, Жанбота Бекенов және Виталий Репей — тәуелсіз директор қызметінде.

ҚР Ұлттық банкінің дерегінше, Еуразиялық банк қаңтар-қыркүйек айларындағы активтер көлемі бойынша 28 қазақстандық банк арасында 8-орында тұр.