Еуразиялық банк: девальвациядан кейінгі бірінші нәтижелер

689

Еуразиялық банк теңге бағамын соңғы түзету мен құбылмалы валюталық бағам тәртіптемесіне өту туралы жарияланғаннан кейін қызметтің негізгі индикаторына талдау жасаған. ҚР ҰБ стандарттары бойынша шоғырландырылмаған қаржылық есепке сәйкес, Банктің таза табысы салық шегерімімен 3,0 млрд теңгені құрады. Бұл жөнінде Еуразиялық банктің баспасөз қызметі хабарлайды.

Шектеулі өтімділік пен 2014 жылдың соңынан бастап орын алған девальвациялық болжал кезеңіне қарамастан,  Банк активтері 1,3%-ға, 847 млрд теңгеге дейін өсті. 2015 жылғы 31 тамыздағы жағдай бойынша теңгедегі депозиттер Банк портфелінің 39,3%-ын құраса, шетел валютасындағы депозиттер сәйкесінше 60,7%-н  құрады.

Жыл басынан бері несие қоржыны 6,5%-ға, 621,4 млрд теңгеге дейін ұлғайды. Банктің қарыз алушылардың сапасын бағалауға және мерзімі кешіктірілген берешекті өндірудің тиімді әдістемесіне қатысты озық тәсілдемелерінің арқасында алдыңғы айдың деңгейімен салыстырғанда 90 күннен аса мерзімі кешіктірілген қарыздар (NPL) 12.6%-ға төмендеп, жиынтық несиелік қоржынның 10.4%-ын құрады.

«Өңірде орын алған күрделі ахуал жағдайында болсақ та, біз қоржын сапасының төмендеуіне жол бермедік. Бұл біздің несие саясатымыздың дұрыстығын растайды: біз валюталық түсімі бар қарыз алушыларға ғана валютада несие береміз. Бұған қоса, теңге бағамының соңғы түзетулерінен кейін проблемалық қарыздар көлемінің төмендегенін де байқаудамыз», — деді көрсеткіш жайлы Басқарма төрағасы Майкл Эгглтон.

Жыл соңындағы болжамды мәліметтерге сүйенсек, жұмыс істемейтін қарыздар көрсеткіші 10%-дан кем болмақ, бұл әдетте нарықтағы ең жақсы көрсеткіш болып табылады және тіркеушінің талаптарына толықтай сәйкес келеді.

Капиталдың жеткіліктілігінің есеп айырысу коэффициенті к1-1 және к1-2 0,084 құрады, бұл жыл басынан бері 14,9%-ға жоғары және тіркеушінің ең төменгі талабынан елеулі түрде жоғары (0,06).

Ағымдағы жылдың тамыз айының соңындағы жағдай бойынша, Еуразиялық банктің меншікті реттеуші капиталы 87 млрд теңгеден асты. Жыл соңына дейін Банк тіркеушінің екінші деңгейлі банктердің меншік капиталының ең аз мөлшерін арттыру туралы талабына сәйкестікті мерзімінен бұрын қамтамасыз ете отырып, көрсеткішті 100 млрд теңгеден асатын деңгейге дейін көтеруді жоспарлап отыр.

Басқарма төрағасы Майкл Эгглтон кезеңді қорытындылай келе: «Мұнай бағасының құлдырауымен және девальвациялық болжалмен байланысты нарықтағы құбылмалы кезеңге қарамастан, біз жыл бойы интернет және ұялы банкинг саласы мен сервис сапасын жақсарту тәрізді Банктің дамуы үшін маңызды жобаларды іске асыруды жалғастырдық. Біз бірқатар инновациялық өнімдерді іске қосуға дайынбыз, бұл үшін қазіргі күнде  қолайлы жағдай қалыптастырудамыз», — деді.