Еуропалық даму және қайта құру банкінің директоры ауысты

Еуразиялық даму және қайта құру банкі
Көркем сурет Vlast.kz сайтынан алынды.

Алматы. 30 наурыз. 7kun.kz — Агрис Прейманис Қазақстандағы Еуропалық даму және қайта құру банкінің (ЕДҚБ) директоры болып тағайындалды. Бұл туралы бейсенбі күні банктің баспасөз қызметі хабарлады.

А.Прейманис осы лауазымда отырған Джанет Хекманды алмастырды. Хекманның қызметі жоғарылап, Оңтүстік және Шығыс Жерорта теңізі аймағындағы ЕДҚБ-ның атқарушы директоры болды. А.Прейманис ЕДҚБ-де 2010 жылдан бері жұмыс істейді. Ал 2014 жылдан бастап Орталық Азия аумағындағы ЕДҚБ-ның бас экономисті.

«Бұл қызметте жүріп, Прейманис Алматыға ауысты және Қазақстандағы мемлекттік және іскерлік құрылымдағы ЕДҚБ-ның серіктестерімен тығыз қарым-қатынас орнатты. Бұл билікпен байланыса отырып елге инвестиция тартуға көмектеседі», — делінген хабарламада.

Сонымен қатар, ол Қазақстандағы шетелдік инвесторлар кеңесінің инновациялық-технологиялық даму және экономиканы диверсификациялау бойынша құрылған жұмыс тобының тең төрағасы және операциялар комитетінің мүшесі.

Еуропалық даму және қайта құру банкі — халықаралық қаржы ұйымы. Ол Орталық Еуропа мен Орталық Азия арасында және Оңтүстік пен Шығыс Жерорта теңізі аумағында орналасқан 35 мемлекеттегі түрлі жобаларды қаржыландырады.