Еурокомиссия Siemens пен Alstom-ның бірігуі бойынша тексерісті бастады

132
Фото: Etienne Laurent/EPA-EFE

Алматы. 15 шілде. 7kun.kz — Еуроодақ билігі француздық Alstom мен германиялық Siemens компанияларының бірігуінің мәмілесі бойынша тексерістің басталғанын хабарлады. 

Еурокомиттің баспасөз хабарламасының мәліметінше, шенеуніктер теміржол вагондары мен сигнал жүйесі сегментіндегі бәсекелестіктің төмендеу ықтималдылығына алаңдаулы.

Бәсекелестік мәселелері бойынша еурокомиссар Маргрете Вестагер ЕК компания өнімінің бағасының артуы мен қолданушылардың қызығуылығының төмендеу мүмкіндігіне алаңдаулы екенін білдірді.

Естеріңізге сала кетейік, Siemens пен Alstom бірігуі жөнінде ақпаратты 2017 жылдың қыркүйегінде жариялады.