Еуропалық инвесторлар Қазақстанда 16 млрд долларлық  жобаларды жүзеге асырды

Фото: Kapital.kz

Алматы. 6 қараша. 7kun.kz — Kazakh Invest Қазақстанда 16 млрд долларға еуропалық инвесторлардың жүзеге асырған жеті жобасын мәлімдеді.

Ұлттық компанияның ақпаратына сәйкес, ең қымбат жоба Нидерландтық-Британдық Royal Dutch мұнай-газ компаниясының жобасы болды. Бұл компания геологиялық барлау және мұнай мен газ өндіру, көмірсутектерді тасымалдау және мұнай өнімдерін сатумен айналысады. Жобаға 15,4 млрд доллар инвестиция құйылды.

Қаржыландыру көлемі бойынша бұдан кейін цемент және құрғақ қоспалардың тауарлық бетонын өндіру зауыты тұр.  Бұл германиялық зауыттың аты HeidelbergCement. Инвестиция көлемі 650 млн долларды құрады.

Сонымен қатар, француздық  Alstom компанияясы 144 млн долларға электровоздар, трансформаторлар мен бағыттамалы элетроөндірістер өндірісін ашты.

Немістің Linde Group компаниясы  109 млн долларға техникалық газ өндірісін ашты, сонымен қатар Viasat 300 млн долларға цемент зауытын салды.

Polpharma және Selena польшалық компаниялары 96 млн долларға фармацевтикалық препараттар өндірісін және 3 млн долларға құрылыс қоспаларын, жылу оқшаулауға арналған өнімдерді өндіру жұмысын бастады.