Еуропаның әр үшінші тұрғыны несиесі бойынша пайыздық мөлшерлемені білмейді

414
Еуропаның әр үшінші тұрғыны несиесі бойынша пайыздық мөлшерл

Осы жылдың басында ING ірі банк тобы Еуропаның 13 елінде адамдардың ақшаларды қалай пайдаланатындығына, қайта инвестициялап, жинайқтайтындығына қатысты зерттеуін жариялады. Орта есеппен әрбір бесінші еуропалық өз депозиті бойынша мөлшерлеме көлемін білмесе, әр үшінші Еуропа тұрғыны төлеп жатқан несиесінің пайыздық мөлшерлемесінен бейхабар.

Қаржылық мәселелерге ең немқұрайлы қарайтын бельгиялықтар болып шықты, респонденттердің 40%-ы өздерінің қарыздарының несиелік мөлшерлемесін білмейді. Мұндай деректерге мұқият қарайтындар италиялықтар мен чехтер екен, сәйкесінше 12% және 16%.

Зерттеушілерді адамдардың өз несие мөлшерлемелерінен гөрі, депозит мөлшерлемелерін жақсы білуі алаңдатады.

«Бұндай білмеушілік — қарызгер тарапынан қабылданған саналы шешім. Ең ықтималдысы, қарызгерлердің көбісі несиелер бойынша шығындарын мойындағысы келмей, бұл мәселеге назар аудармайды.», — дейді зерттеушілер.

Ақпарат көзі: lsm.kz