Facebook алғашқы гаджеттерін шығарды

Фото: Униан

Алматы. 9 қазан. 7kun.kz — Facebook әлеуметтік желісі бейнеқоңырауларға арналған екі фирмалық үй құрылғысын таныстырды. Гаджеттердің сипаттамасы Facebook блогында жарияланды, деп жазады hitech.newsru.com

Portal және Portal+ атауын алған құрылғылар 10 және 15 дюйм диагоналі бар үстел дисплейі болып табылады. Facebook Portal экранының ажыратымдылығы — 1200*800 пиксель , ал Portal + экранының ажыратымдылығы — 1920*1080 пиксель.

Екі құрылғы да, ең алдымен, достар мен туыстарына бейне қоңырау шалуға арналған. Құрылғыдан басқа Portal экрандарына ғана емес, смартфондар мен планшеттерге Facebook Messenger арқылы қоңырау шалуға болады.Сондай-ақ, құрылғыларда жеті әңгімелесуші қатыса алатын топтық бейнеконференциялар да бар.

Алайда құрылғылардың функциялары бейнеқоңыраулармен шектелмейді.Portal және Portal+ дауыстық командаларды функцияға қосты, олардың көмегімен қоңырау шалып қана қоймай, сондай-ақ қызықты ақпаратты алуға да болады.  Дисплейде Amazon компаниясының Alexa дауыстық көмекшісі орнатылған. Алдағы уақытта серіктестер тізімі толығады деп күтіліп отыр.

Компанияда жаңа гаджеттер тыңдалмайтындығы және пайдаланушыларды көрмейтіндігі, сондай-ақ адамдарды тану технологиясын пайдаланбайтынын атап өтті. Сонымен қатар дауыстық командалардың тарихын кез келген уақытта жоюға мүмкіндік бар.