Facebook келешекте ыммен басқарылады

376

Facebook Oculus VR-ға тиесілі Oculus Rift виртуалды шынайылық көзәйнегін әзірлейтін компания Pebbles Ltd фирмасын сатып алмақ. Ол ыммен басқару технологиясын әзірлейді деп жазады Wall Street Journal.

Израильдік  Pebbles Ltd компаниясы Oculus Rift көзәйнегін құрастыруға кірісті. Енді израильдік ыммен (ишарамен) басқару технологиясын әзірлейтін фирманы Facebook сатып алады. Ресми құны хабарланбады, алайда компания дереккөздерінің бірі  мәмілені 60 млн доллар көлемінде болады дейді.

Oculus Rift Pebbles виртуалды шынайылық көзәйнегінде ерекше технология қолданылады. Мұнда пайдаланушы өз қолын бақылай алады,  ойын әлемінің ішінде болып жатқан жағдайларға қарай оның түрі өзгеріп отырады.

Ақпарат көзі: Қазақпарат