Facebook пайдаланушылары фотосуреттерді «Google Фотоға» көшіре алады

21
Facebook
Фото: migogodense.dk

Алматы. 03 желтоқсан. 7kun.kz — 2020 жылдың бірінші жартысында Facebook пайдаланушылары өз фотосуреттері мен видеоларын «Google Фотоға» экспорттауға мүмкіндік алады. Қазір әлеуметтік желі Ирландияда функцияны тестілеп жатыр.

Әлеуметтік желі медиафайлдарды басқа да сервистерге экспорттау мүмкіндігін қосуды жоспарлап отыр. Бұл функция Apple, Facebook, Google, Microsoft және Twitter бастамалары бойынша Data Transfer Project жобасы аясында жұмыс істейді, мақсаты — сервистер арасында пайдаланушылардың жеке ақпараттарын жіберуді жеңілдету, сонымен қатар жеке ақпараттың қорғалуын күшейту.

CNBC хабарлауынша, Facebook америкалық сенаторлар ірі интернет-компаниялардың сервистер арасында деректер алмасуды жеңілдетуге міндеттейтін заң жобасын қарауға енгізгеннен кейін көп ұзамай жаңа құралды ұсынған. Заң шығару бастамасы сервистер мен алаңдарды қамтиды, олардың аудиториясы АҚШ-да айына 100 миллионнан астам пайдаланушыны құрайды.