Facebook сенімді ақпараттарға сілтеме беріп отырады

Facebook

Алматы. 4 тамыз. 7kun.kz — Facebook әлеуметтік желісінің әкімшілігі күмән туғызатын жарияланымдарды  Related Articles-тың тексерілген мақалаларын сілтеу арқылы блоктау функциясын іске қосады. Бұл туралы компанияның ресми сайтында хабарланды.

Көп жағдайда колданушылар жалған ақпарат жазылған материалдардың сілтемесіне өтуге тырысқанда, оған дәл сол тақырып бойынша нақты, сенімді жарияланымдардың сілтемесін ұсынатын болады. Компания өкілдерінің пікірінше, мұндай әрекет «контект пен көбірек ақпарат» алуға мүмкіндік береді. Оған қоса, жалған хабарламалардың таралуын азайтады.

Facebook осыған байланысты үшінші жақтың қызметін пайдалануды көздеп отыр. Ол материалда салынған ақпараттың сенімділігін тексеріп отырады. Бұл қызметті кім атқаратыны туралы ақпарат айтылмаған. Techcrunch мәліметінше, аталған жобаға Associated Press, және PolitiFact пен Snopes ресурстары тартылады.

Бірнеше тәуліктің ішінде жаңалық беру әдісі АҚШ, Нидерланд, Франция және Германияда сыналады.