Facebook-тың экс-қызметкері әлеуметтік желі қоғамды бұзып жатыр деп мәлімдеді
Алматы. 13 желтоқсан. 7kun.kz – Бұрынғы Facebook-тың топ-менеджері әлеуметтік желілер қоғамды бұзып жатыр деп мәлімдеп, Цукербергің компаниясын сынады. Оның пікірінше, Facebook арқылы көптеген адамдарға қалағаныңды жасатуға болады.
Палихапития Facebook-ке 2007 жылы қосылып, вице-президент қызметін атқарған. Енді ол осындай компанияны құруға көмектескені үшін өзін кінәлі сезінетін көрінеді.
«Менің ойымша, біз қоғамды бөліп тастайтын құралдарды жасадық», - деп мойындады Палихапития. Ол аудиторияға әлеуметтік желілерден ұзақ үзіліс жасауды ұсынды.
Палихапития Facebook-ты ғана емес, бүкіл экожүйені сынға алды. Атап айтқанда, ол Үндістандағы соңғы оқиға туралы мысал келтірді. 2017 жылдың мамыр айында WhatsApp арқылы бала ұрланғаны туралы жалған ақпарат таратқаннан кейін, Джаркханд штатындағы кішкентай ауыл тұрғындары жеті кінәсіз адамды жазалаған.
«Міне, біз осындай жағдайларға тап болып жүрміз. Енді, ойлаңыздар, бұл шектен шыққандық. Бір топ адамды өз сөзімен арбап, қалағанын жасатып жүргендер қаншама. Бұл өте қорқынышты, әрі жаман жағдай», - дейді Палихапития. Ол өзі де Facebook-ті барынша аз қолданатынын білдірді. Тіпті, балаларына оны қолдануға тыйым салдырғанын айтып өтті.