Facebook тіркелушілерінің саны 1,5 миллиардтан асты

Facebook әлеуметтік желісі аккаунттарының саны үшінші тоқсанда 60 млнға артты. 30 қазан күнгі есеп бойынша әлемде әлеуметтік желіні қолданушылар 1,55 миллиард болды. Бұл туралы компания хабарламасына сілтеме жасап, ВВС хабарлайды. Көрсеткіш ай сайын есептеліп отырады.

Әлеуметтік желінің хабарлауынша, америкалық тұрғындар Facebook пен Instagram-ға кіру үшін кемінде уақытының 20 пайызын арнайды. Қыркүйек айында мобильді интернет арқылы желіге кіретіндердің саны 27 пайызға өсіп, 894 миллион адамды құрады.

«Facebook пен Instagram өзара бәсекелес емес. Біз БАҚ-тың басқа  түрлерімен бәсекелес  боламыз», — деді компанияның операциялық директоры  Шерил Сандберг (Sheryl Sandberg).

Facebookта күніне 8 млрд видео көріледі және оны көрушілердің саны 500 миллион адам.

Сондай-ақ, компания қаржысы 45,4 пайызға өсіп, 4,3 миллиарда долларды құрады. Шығын көлемі 68 пайызды құрап, 3 миллиард долларды құрады.