Facebook жаңа қызмет түрін ұсынды

Facebook әлеуметтік желісі қолданушылардың профиліне арналған қызмет ұсынды. Енді желіні қолданушылар профиль фотоларының орнына қысқаша видео жүктей алады. Бұл туралы  әлеуметтік желінің ресми блогына сілтеме жасап, lenta.ru хабарлайды.

Сондай-ақ, профильге фотоны белгілі бір уақыт аралығында ғана қою функциясы іске қосылды. Мысалы бір жағдайға байланысты белсенділік танытқысы келсе, қолданушы соған байланысты фотоны шектеулі уақыт аралығында қоя алады.

Профиль суретін дәл ортасына қою қарастырылған. Бұдан бөлек, жұмысы мен оқуы жайында өз пікірін білдіре алатын тағы бір жолақ пайда болады.

Естеріңізге сала кетейік, қыркүйек айында Facebook-тың негізін салушы Марк Цукерберг хабарлама астына «дислайк» («ұнамайды») функциясын қосуды уәде еткен болатын.