Facebook жаңа қосымшаны іске қосты

104
тыс
Фото: Time

Алматы. 20 қараша. 7kun.kz — Facebook мемдерді жасауға арналған Whale тегін мобильді қосымшасын іске қосты, деп хабарлайды The Verge. Қазіргі уақытта бағдарлама Канададағы App Store-де ғана қол жетімді.

Whale бағдарламаның коллекциясынан фотосуреттердің немесе суреттердің үстіне мәтін мен эффектілерді қоюға мүмкіндік береді. Facebook, Instagram, Messenger және WhatsApp-та бөлісуге болады.

Қосымшаны New Product Experimentation (NPE) баспасы шығарған. Facebook бұл атауды эксперименталды қосымшаларды іске қосу үшін пайдаланады, деп жазды басылым.