Федералды резерв жүйесі долларды 2015 жылдың соңына дейін барынша көтермек

494

АҚШ-тың федералды резерв жүйесінің (ФРЖ) басшысы Джанет Йеленн 2015 жылдың соңына дейін доллар бағамы барынша көтерілуі мүмкін екенін мәлімдеді. Бұл туралы Bloomberg хабарлайды.

Оның сөзінше, жағдайдық барлығы «экономикалық тосын сыйларға» байланысты. Сондай-ақ, Дж.Йеленн АҚШ эконмикасының әлсіреуіне себеп болған түрлі факторлар бірнеше жылда мемлекеттегі инфляцияның өсуіне әсер етеді деп түсіндірді. Әзірге өсім тек доллардың күшімен, мұнай бағасының төмендігімен және импорт арқылы сақталып отырғанын мәлімдеді.

Бұған дейін ФРЖ базалық мөлшерлемені 0-0,25 пайыз деңгейінде қалдырған еді.