ФИФА басшылығын 150 млн доллар көлемінде пара алды деп айыптады

444

ФИФА шенеуніктері бопсалаушылық және жемқорлық мақсатында 150 млн доллар көлемінде пара алды деп айыпталып отыр. Бұл туралы АҚШ-тың әділет министрлігі хабарлады деп жазады «Ведомости».

ФИФА атқарушы комитетінің вице-президенті Джеффри Уэбб және Эухенио Фигередо, сондай-ақ Солтүстік және Орталық Америка Конфедерациясының экс-преиденті Джек Уорнер қамауға алынды. Спорттық маркетингке қатысы бар Эдуардо Ли, Хулио Роча, Костас Таккас, Рафаэль Эскуивель, Хосе Мария Марин, Николя Леос, Алехандро Бурзако, Аарон Дэвидсон, Уго Джинкис және Мариано Джинкис, заңсыз төлемдер кезінде өзара делдал болды деп күдіктеліп оырған Хосе Маргулис те тұтқындалды.

Шенеуніктер АҚШ-тың ФИФА басшылығын жемқорлық және пара алу, футболдан әлем чемпионаты өткізу үшін астананы таңдау мәселесіне байланысты тергеу негізінде тұтқындалып отыр. Швейцарияда тұтқындалғандардың арасында ФИФА президенті Блаттердің жоқ екендігі анықталды.

Әлемдік футбол федерациясын футболдан екі әлем чемпионатының иелерін анықтау кезіндегі заң бұзушылық орын алды деп айыптап отыр. 2018 жылғы чемпионат үшін Ресейді, 2022 жылға Катарды таңдап алуы әлемдік қоғамдастықтың өткір пікірталасын туғызған еді. Оларды таңдау кезінде әділетсіз күрес өткізді деп айыптады.

Ал  өз кезегінде ФИФА 2018 жылғы және 2022 жылғы әлем чемпионатының иелерін анықтау кезінде ешқандай қателік болған жоқ деп мәлімдеді. Ассоциация терең зерттеу жүргізіп, бір жыл бойы 75 куәгерге сауалнама жүргізіп, 200 мыңға бетке жуық материалдар жариялады. Бірақ аталған елдерге ешқандай айып тағылған жоқ. ФИФА-ның этика бойынша комитеті «тергеу кезінде алынған ақпарат» негізінде жекелеген футбол функционерлерін жауапкершілікке тартуды жоспарлап отырғандығын мәлімдеді.