«First Heartland Bank» АҚ туралы

8
Фото: www.facebook.com

«First Heartland Bank»  — Банк 1994 жылы құрылып, Қазақстанда шетелдік қатысуы бар алғашқы банк болып танылды. 2008 жылға дейін ол ABN AMRO ғаламдық банктер желісінің бөлігі болған. Акционер ауысқаннан кейін ол RBS халықаралық тобының құрамына кірді.

2015 жылы RBS өзінің Қазақстанды қоса алғанда 25 елден шығып кетуі туралы жариялады. 

2017 жылы қарашада Банк құрамында First Heartland Securities брокерлік компаниясы және First Heartland Capital активтерді басқару бойынша компаниясы да кіретін Pioneer Capital Invest инвестициялық холдингтік компаниясының бөлігі болып танылды.

2015 жылы RBS өзінің Қазақстанды қоса алғанда 25 елден шығып кетуі туралы жариялады.

2017 жылы қарашада Банк құрамында First Heartland Securities брокерлік компаниясы және First Heartland Capital активтерді басқару бойынша компаниясы да кіретін Pioneer Capital Invest инвестициялық холдингтік компаниясының бөлігі болып танылды.

Банк құрылған күннен бастап банк секторының сенімді әрі кәсіби серіктесі, өнім инновациялары және сервис сапасы салаларында көшбасшы беделіне ие болды. Банк Қазақстанда Алматы, Нұр-Сұлтан және Атырау қалаларындағы 3 филиалмен ұсынылған.

«First Heartland Bank» АҚ қызметінің басым бағыты болып корпоративтік клиенттерге және жеке тұлғаларға кешенді қызмет көрсету табылады. Банк бизнесінің сенімді әрі тұрақты үлгісі, нарықтарды және өнеркәсіптің түрлі салаларын білу FHB-ге өз клиенттеріне банк қызметтерінің кең таңдалымын және сервистің жылдам, сапалы және жоғары білікті деңгейін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Дәстүрлі банк өнімдеріне қосымша, First Heartland Group құрамына кіретін компаниялар брокерлік қызмет көрсету, пайлық инвестициялық қорлар, активтерді сенімгерлікпен басқару және инвестициялық ақыл-кеңес беру секілді инвестициялық өнімдерінің кең ауқымын ұсынады.

Банк Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қорының (KDIF) депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінің қатысушысы және Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығының мүшесі болып табылады.

Банк миссиясы

Клиенттердің қаржылық активтерін сақтау және көбейту.

Банктің негізгі қағидалары

Қаржылай тұрақтылық және қисынды тәуекел профилі — сақтанымпаздық инвестициялық саясат және активтерді басқарумен кірістілік деңгейін сақтау;

Инновациялар – үдерістерді жеңілдететін және клиенттерге қызмет көрсету сапасын жоғарылататын алдыңғы қатарлы технологияларды пайдалану;

Басқарудың жоғары стандарттары – ашық түрде басқару және барлық деңгейлерде әлемдік корпоративтік басқару стандарттарын енгізу;

Клиентке бағдарланушылық – барлық клиенттер үшін сервистің жоғары деңгейі.

Банк құндылықтары

  • Адалдық.
  • Сенімділік
  • Тұрақты даму
  • Инновациялылық
  • Сапа

Дереккөз: www.fhb.kz