Fitch агенттігі Қазақстанның рейтингін төмендетті

Фото: rus.azattyq.org

Алматы. 3 наурыз. 7kun.kz — Fitch Ratings агенттігі Қазақстанның шетелдік валютадағы эмитент дефолтының ұзақ мерзімді рейтингін «BBB +-тен» «BBB-ға» дейін, ал ұлттық валютадағы рейтингін «-А-дан» «BBB» деңгейіне дейін төмендетті.

Рейтинг бойынша болжам «тұрақты».

Сондай-ақ шетел валютасындағы қамтамасыз етілмеген облигациялар бойынша қарыз міндетінінің рейтингі «BBB +тен»  «BBB» деңгейіне дейін төмендетілді.

Fitch агенттігінің болжауынша, 2016 жылы Қазақстан экономикасы 1%-ға төмендеп, соңғы бес жылдағы  4,6% орташа көрсеткіштен төмен болады. Сондай-ақ, жалақының төмендеуінен және долларға қатысты кірістің азаюынан тұтынушылар шығыны қысқарады.

Агенттік атап өткендей, ЖІӨ көлемі 2013 жылмен салыстырғанда 2016 жылы 14,828 доллардан 7,102 долларға дейін төмендеген.