
Алматы. 3 наурыз. 7kun.kz - Fitch Ratings агенттігі Қазақстанның шетелдік валютадағы эмитент дефолтының ұзақ мерзімді рейтингін «BBB +-тен» «BBB-ға» дейін, ал ұлттық валютадағы рейтингін "-А-дан" «BBB» деңгейіне дейін төмендетті.
Рейтинг бойынша болжам "тұрақты".
Сондай-ақ шетел валютасындағы қамтамасыз етілмеген облигациялар бойынша қарыз міндетінінің рейтингі «BBB +тен» «BBB» деңгейіне дейін төмендетілді.
Fitch агенттігінің болжауынша, 2016 жылы Қазақстан экономикасы 1%-ға төмендеп, соңғы бес жылдағы 4,6% орташа көрсеткіштен төмен болады. Сондай-ақ, жалақының төмендеуінен және долларға қатысты кірістің азаюынан тұтынушылар шығыны қысқарады.
Агенттік атап өткендей, ЖІӨ көлемі 2013 жылмен салыстырғанда 2016 жылы 14,828 доллардан 7,102 долларға дейін төмендеген.