Fitch Ratings Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі мен ҚДБ рейтингін төмендетті

Фото: ria.ru

Fitch Ratings халықаралық рейтинг агенттігі Қазақстан даму банкінің (ҚДБ) шетелдік валюта мен ұлттық валютадағы эмитент дефолтының ұзақ мерзімді рейтингін «BBB +» және «ВВВ-дан» «-BBB-ға» дейін, Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің рейтингін «BBB+» деңгейінен «-BBB-ға» дейін төмендетті.

Сондай-ақ, рейтинг агенттігі «КазАгроФинанстың»  эмитент дефолтының ұзақ мерзімді рейтингін»BBB-» деңгейінен «+BB-ға» дейін төмендетті. Рейтинг бойынша болжам «қалыпты».

ҚДБ-ның ұлттық валютадағы эмитент дефолтының қысқа мерзімді рейтингін «F2» деңгейінен «F3-ке» дейін төмендетті. Қолдау рейтингі «2» деңгейінде бекітілсе, эмитент дефолтының ұзақ мерзімді қолдау деңгейі «BBB-дан» «-BBB-ға» өзгертілді. Ұзақ мерзімді қамтамасыз етілмеген қарыз рейтингі»BBB» деңгейінен «-BBB-ға» дейін төмендетілсе, қысқа мерзімді қамтамасыз етілмеген қарыз рейтингі «F3» деңгейінде бекітілді.

Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің эмитент дефолтының қысқа мерзімді рейтингі ұлттық валюта бойынша «F2» деңгейінен «F3-ке» дейін, ұзақ мерзімді рейтинг «AAA(kaz)0» көрсеткішінен «+AA(kaz)-ға» дейін төмендеді. Қолдау рейтингі — » 2″, ал эмитент дефолтының ұзақ мерзімді қолдау «+BBB-дан» «-BBB-ға» өзгерді.