FlyArystan әуе компаниясының билеттері секунд сайын сатылды

36
Fly Arystan
Фото: sletaem.kz

Нұр-Сұлтан. 2 сәуір. 7kun.kz – FlyArystan әуе компаниясының
Алматы-Нұр-Сұлтан бағытындағы билеттері секунд сайын сатылуда. Бұл туралы Қазақстанның Азаматтық авиция комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.

«2 сағатта 2 мыңнан астам билет сатылып кеткен. 1 секундта 1 билеттен сатылды», — делінген ҚАА хабарламасында.

Ведомствада сатылған билеттердің 70% багажсыз тарифпен, билеттердің 90% онлайн сатылған.

Айта кетейік, қазақстандық лоукостер FlyArystan 1 мамырдан бастап Алматы-Нұр-Сұлтан бағытында рейс ашылатынын хабарлап, билеттерді сатылымға шығарған еді.

Рейстерді 180 орындық Airbus A320 ұшақтары жүзеге асырады.

Аталған бағыттағы әуе рейстері күніне екі рет, аптасына он төрт рет ұшады. Ең төменгі баға бір бағытқа 6999 теңгеден басталады. Билеттерді компания сайтында брондауға болады.