FlyArystan қызметін үш айда 200 мың жолаушы тұтынған

Алматы
Фото: aigak.kz

Алматы. 05 тамыз. 7kun.kz —  2019 жылдың бірінші тоқсанында FlyArystan 280 000 астам билет сатты. Компания қызметін 3 айда 200 мың жолаушы пайдаланды. Бұл туралы әуе компаниясының баспасөз қызметі хабарлады.

Шілденің соңында әуе тасымалдаушы қысқы мезгілде орындалатын рейстерге билеттер сатылымын ашты. Оларды flyarystan.com сайтынан сатып алуға болады.

«Лоукостердің ерекшелігі – ол тез ұшып-қону жүйесі. Яғни барлық әуежайларда қысқа уақыт аялдау ұстанымы. Бұл принциптің арқасында біз флоттағы екі Airbus A320 ұшағымен күніне 14 рейске дейін орындаймыз. Ал жылдың төртінші тоқсанында әуепаркіміз тағы да 2 ұшақпен толыққан кейін, біз рейстер санымен қатар, бағдар кестесін де ұлғайтуды көздеп отырмыз», – деді FlyArystan-ның сату және маркетинг бөлімінің директоры Жанар Жайлауова.

Естеріңізге сала кетсек, FlyArystan Алматы-Нұр-Сұлтан бағыты бойынша 1 мамырда ұшқан. Қазір Алматыдан Таразға, Қарағандыға, Орал, Шымкент, Павлодар бағытында тұрақты рейстер бар.