FlyArystan Шымкент пен Павлодарға арзан билеттерді сатуды бастады

Фото: akspic.ru

Алматы. 16 сәуір. 7kun.kz –  FlyArystan Алматы – Шымкент және Алматы – Павлодар бағыттары бойынша әуе билеттерін сатуды бастады.

Әуекомпанияның хабарлауынша, Алматы – Шымкент – Алматы рейсімен бір бағытқа ұшу 4 999 теңге, ал Алматыдан Павлодарға 6 999 теңгеден тұрады.

FlyArystan алғашқы Қазақстандық лоукостері 2019 жылдың мамыр айында  рейстерді бастайды. Бұған дейін Алматы – Тараз, Алматы – Нұрсұлтан, Алматы – Қарағанды, Алматы – Орал бағыттары бойынша сатылымдар басталды.  Рейстер Airbus A320 (180 отыратын орын) ұшақтарында жүзеге асырылады.