«ForteBank» АҚ басқармасының құрамы өзгерді

85
Moody’s
Фото: Kursiv.kz

Алматы. 6 маусым. 7kun.kz  — «ForteBank» АҚ Директорлар кеңесінің шешімімен Басқарма төрағасының орынбасары Руслан Омаровтың өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды, деп банктің баспасөз хабарламасында көрсетілген.

Белгілі болғандай, Руслан Омаров бұл лауазымға 2019 жылы 11 ақпанда тағайындалды.

Қазіргі таңда, банк Басқармасының құрамы алты адамнан тұрады: Андроникашвили Гурам, Ауезканов А. Б., Батырбеков А. У., Бисембиева Г. Т., Дыканбаева А. М., Мамутов Ж. Ж.