Франция туристік бағыттар бойынша бірінші орынға қайта шықты

459
Франция туристік бағыттар бойынша бірінші орынға қайта шықты

Франция 2014 жылы әлем бойынша бірінші туристік бағыт атағын қайтарып алды. Өткен жылы Францияға  83,7 млн турист барған, бұл 2013 жылғы көрсеткішке қарағанда 0,1%-ға артық деп хабарлайды СІМ басшысы Лоран Фабиус.

Статистикалық мәліметтерге қарағанда, 2014 жылы Францияға келген еуропалық туристер саны 1,7%-ға азайып, азиялық қонақтар қатары 16%-қа өсті.

Жекелеп алғанда, қытайлық туристер саны 61%-ға артқан. Министрдің айтуынша, бұған Қытай азаматтарының 24 сағат ішінде виза рәсімдеу мүмкіндігіне ие болуы себепші екен.