ФРЖ базалық мөлшерлемені көтеруі мүмкін

231

Нью-Йорк. 23 ақпан. 7kun.kz — Федералды резевр жүйесі жуық арада базалық ставкасын көтеруі мүмкін. Бұл туралы ведомтствоның таратқан стенограммасында жазылған.

«Еңбек нарығы мен инфляция деңгейі жасалған болжамдар мен жоспарға сәйкес болса, ФРЖ-ның келесі отырысында базалық ставканы көтеру орынды шешім болмақ», — делінген ол құжатта.

Айта кетейік, қазіргі уақытта базалық мөлшерлеме 0,5-0,75 пайыз деңгейінде тұр. 2017 жылдың қаңтарында өткен отырысында  ФРЖ ставканы өзгеріссіз қалдырған болатын.  

Естеріңізде болса, 7kun Федералдық резерв жүйесінің өткен жылғы 14 желтоқсанда өткен отырысында базалық мөлшерлемені 0,5–0,75 пайызға көтерген кезде оның теңгеге әсері туралы материал әзірлеген.