ФРЖ мен Англия банкі «валюталардың суық соғысына» қосылды

валюта

АҚШ. 10 ақпан. 7kun.kz — АҚШ-тың Федералды резерв жүйесі (ФРЖ) мен Англия банкі «валюталардың суық соғысын» жүргізіп жатқан басқа орталық банктердің қатарына қосылды. Бұл туралы Pacific Investment Management Cо. (Pimco) сарапшылары хабарлады. Бұл туралы Bloomberg жазды.

Pimco-ның әлемдік экономика жөніндегі кеңесшісі Йоахим Фелс Еуроаймақтың бақылаушылары, Жапония мен Қытай 2016 жылдың 2-жартысында ұлттық валюталарын түсірудің қарекетін жасағанда, ФРЖ пайыздық мөлшерлемені тұрақты өсіріп отыруға тырысқанын айтады.

Оның пайымдауынша, Англия банкі де өз кезегінде фунт стерлингін жұмыссыздық дейгені қысқарып, инфляция үдеп кетпейтіндей шамаға дейін қысқартуға тырсып жатыр.

«Суық соғыс» ашық түрде емес, астарлы әрекеттер арқылы жүріп жатыр, ФРЖ соңғы отырысында пайыздық мөлшерлеменің өсуі мүмкін екенін хабар берді. Ал Англия банкі фунтты әлсіреткен мәлімдемелер жасады», — дейді сарапшылар.

Доллар индексі ФРЖ мәлімдемесінен бір күн өткен соң 11 аптадан бергі төменгі көрсеткішке жетсе, фунт стерлинг Англия банкінің жиынынан кейін 1 пайызға құнсызданды.

Фелстің айтуынша, АҚШ президентінің әкімшілігі доллардың «мықты» болғанын қолдай қоймайды, тіпті протекционизм саясатынын ұстанып, қарсы шығуы да мүмкін. «Әзірге Еуропа, Жапония, Қытай мен басқа да экспорттаушы елдер АҚШ-пен келіспеушілікке келіп қалмау үшін өз валюталарын қымбаттатуы мүмкін», — дейді ол.